Топтық жұмысты бақылау

2020 жылғы 10-11 қыркүйек күндері таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытында шығу бойынша ақпарат

2020 жылғы 10 — 11 қыркүйек күндері таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытында құрамында Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының мамандары, сондай-ақ Павлодар қаласының жол полиция қызметкерлері бар мониторингтік топ қалалық қоғамдық көлік маршруттарында ҚР (қазіргі таңда 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 МБСД Қаулысы әрекет етуде) және Павлодар облысы (қазіргі таңда 2020 жылғы 16 тамыздағы № 10 МБСД Қаулысы әрекет етуде) бас санитариялық дәрігерлердің талаптарын (қоғамдық көліктің отыру орындарының саны бойынша толымдылығы, бетперде тәртібі және т.б.) сақтау мәселесі бойынша мониторинг жүргізді.

№ 003, № 151, № 115, № 153, № 152, № 24, № 126 маршруттары мониторингпен қамтылды.

Мониторинг барысында № 153 маршруттың (шағын автобустың МТНБ 634 AYA 14, жүргізуші Кулаксуз С.А.) жолаушылармен лық толатыны анықталды. Аталған маршрут бойынша ресми тасымалдаушы — «Оптимист» АҚ.

№24 маршрутында (автобус МТНБ, S 246 OBM, жүргізуші Серкин П.А.) да солай. Ресми тасымалдаушы — «Жолаушылардың көлік альянсы» ЖШС.

Анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚбК 1-т. 425-б. сәйкес әкімшілік іс қозғалады және әкімшілік шара қолданылады.

ҚР ӘҚбК 1-т. 425-б. сәйкес Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін  жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне  – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Мониторинг барысында қоғамдық көліктің жүргізушілерімен және оның жолаушыларымен ҚР және Павлодар облысы бас санитариялық дәрігерлері қаулыларының талаптарын (қоғамдық көліктің отыру орындарының саны бойынша толымдылығы, бетперде тәртібі және т.б.) сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.