2019 жылғы жұмыс нәтижелері

Автомобиль жолдарын салу саласы  

2019 жылы жалпы ұзындығы 286 шақырым жалпы сомасы 12 836,9 млн. теңгеге (РБ – 11 224,1 млн. теңге; ОБ 1 612,8 млн. теңге) 31 жоба  (олардан қайта жаңарту бойынша 5 жоба, орташа жөндеу бойынша 24 жоба, күрделі жөндеу бойынша 2 жоба) жүзеге асуда.

Жыл қорытындылары бойынша игеру 99,9 %-ды құрады.

Қайта жаңарту жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 27,84 шақырым 3 265,364  млн. теңге сомасында 5 жоба жүзеге асуда (РБ – 2 834,859 млн. теңге, ОБ – 430,505 млн теңге).

Орташа жөндеу аясында ұзындығы 96,2 шақырым 3 656,832 млн. теңге сомасына 8 жоба (одан 1 жоба екіжылдық) жүзеге асуда.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында күрделі жөндеу аясында 2 517,788  млн. теңге сомасына ұзындығы 44,1 шақырым 2 жоба жүзеге асуда (РБ – 2 517,788 млн. теңге).

Орташа жөндеу аясында ұзындығы 135,4 шақырым 2 214,649 млн. теңге сомасына 16 жоба жүзеге асуда (РБ – 2 214,649 млн. теңге).

 2019 жылы қымбат жобаларды үнемді салқын ресайклинг әдісіне ауыстырду тәжірибесі жалғасын тапты, бұл сапаны жоғалтпай-ақ 1 млрд. теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Үнемделген қаражат 2020 жылы іске асатын басқа 8 жобаға қайта бөлінді.

Анықтама ретінде. «Екібастұз-Бесқауға» автомобиль жолын 1,4 млрд. теңгеге (0,44 млрд. теңге үнемделді) күрделі жөндеу;  «Шарбақты-Галкино-Мақпал» автомобиль жолын 1,2 млрд. теңгеге қайта жаңарту ( 0,6 млрд. теңге үнемделді) орташа жөндеуге өтумен.

Сондай-ақ, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2019 жылы Павлодар облысының Тереңкөл, Ертіс, Баянауыл, Железин аудандарының елді мекендеріндегі көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді.

Ертіс ауданы — 7 көше (10 985 м.);

— Баянауыл ауданы — 15 көше  (10 128 м.);

— Железин ауданы — 15 көше (11 286 м.);

— Тереңкөл — 7 көше (7 074 м.).

Шарттардың жалпы сомасы 910,9 млн. теңге құрады, 100% игерілді. Барлық объектілер пайдалануға енгізілді.

2019 жылдың қорытындылары бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдардың үлесі 82,6%-ды құрады (2018 жылы — 80%).

Автомобиль жолдарды күтіп ұстау 

Күтіп ұстау аясында автомобиль жолдарында шұңқырларды жөндеу (45 048,6 м2), жол жүру бөлігін белгілеу (1631 км), тегістеуші қабатты төсеу (18 932,28 м2), автономды жарық бағаналарын орнату (22 бірл.) бойынша жұмыстар орындалды.

Жанар-жағар май материалы (ЖЖМ) — 761,3 т, көктайғаққа қарсы материал (КҚМ; құм, тұз, шлак) — 7482,5 т., 330 бірлік арнайы техника дайындалды