Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

  1. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, 2019 жылғы «31» шілдеде 15-00 сағатта Павлодар қаласы Жеңіс алаңы көшесі, 5Б мекен-жайы бойынша өткізілетін, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды
  2. Конкурсқа келесі маршруттар пакеті (маршруттар) шығарылған:

— Лот № 1 Павлодар-Семей

— Лот № 2 Павлодар-Семей (Курчатов арқылы)

— Лот № 3 Успен-Павлодар-Успен

— Лот № 4 Павлодар-Александровка-Павлодар

— Лот № 5 Ақсу-Екібастұз-Ақсу

— Лот № 6 Орловка (Софиевка)-Павлодар

— Лот № 7 Аққу-Павлодар-Аққу

— Лот № 8 Павлодар-Аққу-Павлодар

— Лот № 9 Прииртышское-Павлодар- Прииртышское

— Лот № 10 Церковное-Павлодар- Церковное

— Лот № 11 Амангелді-Ертіс-Павлодар

  1. Меншік түріне байланыссыз, меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізде автокөліктер иесі, кез келген заңды және жеке тұлғалар қатысуға құқықты.
  2. Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына» ММ, Павлодар қаласы Жеңіс алаңы көшесі 5Б, 708 кабинет немесе эл. пошта huan.manarbek@pavlodar.gov.kz конкурстық құжаттар комплектін алуға жазбаша түрде өтініш беруі қажет.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға және конкурсқа қатысуға өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі: 2019 жылғы «17» шілденің сағат 18-30-ға дейін.
  4. 2019 жылғы «03» шілдеде сағат 11-00-де конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференциясын өткізеді.
  5. Анықтама 32-72-07, 32-73-50 телефоны бойынша.