2018 жылдың жұмыс қорытындылары және 2019 жылға жоспарлар

Автомобиль жолдары

Павлодар облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 5441,1 шақырым құрайды, оның ішінде:

— республикалық маңызы бар автомобиль жолдары — 1662,8 шақырым;

— облыстық маңызы бар автомобиль жолдары — 975,0 шақырым (асфальтбетон төсемі – 764,7 шақырым, шақпатасты төсем – 201,3 шақырым, қара жол — 9 шақырым);

— аудандық маңызы бар автомобиль жолдары — 2803,3 шақырым (асфальтбетон төсемі — 835,8 шақырым, шақпатасты төсем — 1369,7 шақырым, қара жол — 597,8 шақырым).

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары

2018 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 116,1 шақырым жөндеумен қамтылды, оның ішінде қайта құру – 48 шақырым, орташа жөндеу – 68,1 шақырым.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеудің барлық 11 учаскесі бойынша жұмыстар уақытында аяқталды.

3 учаскені қайта құру:

  • Шақат-Восточное-Шалдай а/ж, жалпы жоба 98-121,6 (22,44) шақырым, одан 2018 жылы жалпы сомасы  898,964 млн.теңге 11,29 шақырым аяқталды. Объектіні пайдалануға тапсыру актісі 2018 жылғы 19 қыркүйек.
  • Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты а/ж, жалпы жоба 96-119 (23) шақырым, одан 2018 жылы 14,2 шақырым расталды, жалпы сомасы 1 050,08 млн. теңгеге. Объектіні пайдалануға тапсыру актісі 2018 жылғы 26 қазан.
  • Панфилов-Бест-бе а/ж, жалпы жоба 36-42 (6) шақырым, одан 2018 жылға жоспарланған 3,3 шақырым жол-жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 528,765 млн. теңгеге толық көлемде аяқталды, 2019 жылы 2018-2019 жж. жұмыс өндірісі кестесіне сәйкес қайта жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.  

8 учаскені орташа жөндеу, ұзындығы 68,1 шақырым:

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 13 учаскесінің 9 учаскесі бойынша жұмыстар жалпы сомасы 3716,882 млн. теңгеге аяқталды (2 объект — Екібастұз-Бесқауға, Железин-Веселая роща-Мыңкөл 2019 жылға ауысады) және республикалық бюджет қаражаты есебінен толық көлемде игерілді, оның ішінде:

27,9 шақырым күрделі жөндеу, 1726,696 млн. теңге сомасына.

— Береговое-Октябрьское-Лесное а/ж, 3,86-16,79 (12,93) шақырым, 446,984 млн. теңге сомасына;

Екібастұз-Бесқауға а/ж, 0-41,671 (19) шақырым, 1279,712 млн.теңге сомасына (2019 жылға ауысатын объект);

70,6 шақырым орташа жөндеу 1990,186 млн.теңге сомасына, одан: 

Баянауыл ауданында 2 объект аяқталмаған:

—  «Алексеевка — Жаңажол» а/ж, 0-37 шақырым, 540,480 млн.теңге сомасына;

—  Жаңажол — Ескелді, 0-15 шақырым,  318,826 млн.теңге сомасына;

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша учаскелерінде жұмыстар толық көлемде аяқталды:

—  Башмачное-Озерное а/ж, 91-111 (20) шақырым, 275,645 млн.теңге сомасына;

— Железин-Веселая Роща-Мыңкөл, 43,0-84,79 (8,8) шақырым, 404,042 млн.теңге сомасына;

—  Аққу-Бесқарағай а/ж, 5 шақырым (9-14 шақырым іріктеліп)  65,353 млн.теңге сомасына;

Аққу-Қазы-Майқарағай а/ж, 3 шақырым (3234 шақырым іріктеліп)  22,308 млн.теңге сомасына;

Аққу-Бесқарағай а/ж, 4 шақырым (58 шақырым іріктеліп)  41,711млн.теңге сомасына;

—  Григорьевка – Луганск а/ж,  7-12 (5) шақырым, 101,788 млн. теңге сомасына;

Новоямышево-Ольгинка а/ж, 3,3 шақырым, 40,386 млн. теңге сомасына;

— Новоямышево-Ольгинка а/ж, 8,5-10,76 (2,26) шақырым, 11,86-13,1 (1,24) шақырым, 64,682 млн. теңге сомасына;

—  Григорьевка – Луганск а/ж, 1-7  (6) шақырым, 114,965 млн. теңге сомасына.

 

2019 жылға жолдарды жөндеу бойынша жоспар

2019 жылы «Жағдайы жақсы және қанағат облыстық пен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» индикаторын 80,5%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Осыған байланысты, 2019 жылы облыстың автомобиль жолдарын жөндеуге 11 510,3 млн. теңге мөлшерінде сома қарастырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен 7 508,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4 001,4 млн. теңге. 231,3 шақырым автомобиль жолын жөндеумен қамту жоспарлануда, соның ішінде:

3 342,8 млн. теңге сомасына ұзындығы 34,9 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолының 5 учаскесін қайта жаңарту (РБ-1 834,9 млн. теңге, ОБ-1 507,9 млн. теңге), олардан 1 учаске 2018 жылдан ауысатын объект, 1 учаске 2020 жылға ауысатын объект:

623,3 млн. теңге сомасына — 7,2 шақырым Шақат-Восточное-Шалдай, 86,8-94 (7,182) шақырым;

708,0 млн. теңге сомасына — 6 шақырым Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты, 37-43 (6) шақырым;

1 073,7 млн. теңге 7 шақырым Панфилов-Бестөбе,42-49 (7) шақырым;

286,4 млн. теңге сомасына — 2,7 шақырым Панфилов-Бестөбе, 36-42 (2,7) шақырым, 2018 жылдан ауысатын объект;

651,4 млн. теңге сомасына — 12 шақырым Чернорецк-Ольгино-Успен-Шарбақты, 25-37 (12) шақырым, 2020 жылға ауысатын объект.

2 448,7 млн. теңге сомасына ұзындығы 59,5 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолының 3 учаскесін орташа жөндеу (РБ-2 203,8 млн. теңге, ОБ-244,9 млн. теңге):

753,5 млн. теңге сомасына — 20 шақырым Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 0-20 (20) шақырым;

793,0 млн. теңге сомасына — 20 шақырым Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 20-40 (20) шақырым;

902,2 млн. теңге сомасына — 20 шақырым Қашыр-Михайловка-РФ шекарасы, 83-102,5 (19,5) шақырым;

4 531,2 млн. теңге сомасына ұзындығы 136,9 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолының 9 учаскесін күрделі және орташа жөндеу (РБ-3 470,2 млн. теңге, ОБ-1 061,0 млн. теңге), олардан 2 учаске 2018 жылдан ауысатын объект, 1 учаске 2020 жылға ауысатын объект:

169,8 млн. теңге сомасына — 6,6 шақырым Ақсу к.-Ленинский к. 5,5-12,1 (6,6) шақырым;

112,0 млн. теңге сомасына — 33 шақырым Железин-Веселая Роща-Мыңкөл 51,8-84,79 (33) шақырым, 2018 жылдан ауысатын объект;

174,2 млн. теңге сомасына — 7,6 шақырым Новоямышево-Ольгинка,13,1-20,73 (7,6) шақырым;

461,2 млн. тенге сомасына — 14,2 шақырым Шарбақты-Галкино-Мақпал 51,2-65,4 (14,2) шақырым;

152,5 млн. теңге сомасына — 5,1 шақырым Шиқылдақ ауылына кіреберіс жолы, 0-5,1 (5,1) шақырым;

647,5 млн. теңге сомасына — 18,7 шақырым «ЖарСор» ЖШС өндірістік базасына кіреберіс жолы,5,1-23,8 шақырым (18,7 шақырым) сужүргізу құбырының құрылғысымен11 шақырым;

1 211,3 млн. теңге сомасына — 17,4 шақырым Екібастұз-Бесқауға,41,671-59 (17,4) шақырым, 2020 жылға ауысатын объект;

1 444,8 млн. теңге сомасына — 22,7 шақырым Екібастұз-Бесқауға, 19-41,671 (22,7) шақырым, 2018 жылдан ауысатын объект;

157,9 млн. теңге сомасына —11,6 шақырым Бозшакөл станциясы-Шиқылдақ а. 0-11,6 (11,6) шақырым.

Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен 300,0 млн. теңге  сомасына Павлодар қаласының көшелерін ағымдағы жөндеу жоспарлануда.

2019 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 887,6 млн. теңге сомасын қаржыландыру жоспарланды.

2019-2020 жылдары 23 694,2 млн. теңге сомасына ұзындығы 662,2 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу бойынша 77 жоба жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілді, соның ішінде:

2019 жылы — 10 322,6 млн.теңге сомасына ұзындығы 231,2 шақырым 17 ЖСҚ;

2020 жылы — 13 371,6 млн.теңге сомасына ұзындығы 431,0 шақырым 60 ЖСҚ.

2021 жылға ЖСҚ 2019 жылы көктемгі байқау өткізілгеннен кейін әзірленеді.

2019 жылы қалалар мен аудандар бюджет қаражаты есебінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 453,2 млн. теңге сомасына жол-жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлануда, соның ішінде:

— 42,4 млн. теңге сомасына 2,5 шақырым орташа жөндеу;

— 403,6 млн. теңге сомасына күтіп ұстау;

— 7,2 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеу.

2019 жылы қалалар мен аудандар бюджет қаражаты есебінен елді мекендердің көшелерінде 2 245,2 млн. теңге сомасына жол-жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлануда, соның ішінде:

— 109,7млн. теңге сомасына 6,8 шақырым орташа жөндеу;

— 2 129,3 млн. теңге сомасына күтіп ұстау;

— 6,2 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеу.

Көлік

Павлодар облысының жолаушылар маршруттық желісі тұрады:

— 167 автомобиль маршрутынан (59 облысішілік, 58 қалалық, 29 ауданішілік, 9 облысаралық және 12 халықаралық маршруттар);

— 10 теміржол маршруты (3 тура, 2 өтпелі, 3 тіркемелі және 2 қала маңы)

—  5 әуе маршруты (3 тұрақты Астана, Алматы және Мәскеуге дейін, маусымдық Анталья, Минск және Новосібір);

2018 жылдың 10 айына көліктің барлық түрімен 110,2 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2017 жылдың кезеңіне  101,2%-ды құрайды,1 млрд. 24 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2017 жылдың кезеңіне 100,7%-ды құрайды. 2018 жылдың 12 айы ішінде 133,2 млн. тонна жүк және 1 млрд. 245 млн. адам тасымалдау жоспарлануда.

Басқарманың басты мақсатының бірі автомобиль тасымалдауларының сапасын жақсарту болып табылады.  2018 жылы 11 облысішілік және 11 облысаралық тұрақты маршруттар бойынша  конкурстар өткізілді, 2018 жылы келісім шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған.

2018 жылы облысішілік және облысаралық маршруттарында 177 бірлік автокөлік құралдары жаңартылды, бұл 359 бірліктің 49%-ын құрайды (2017жылы 92 бірлік жаңартылды).

Көлікті цифрландыру аясында басқармамен «SMART BUS» жүйесі әзірленді, ол жолаушылардың тасымалдаудың сапасын, қозғалыс сызбасы мен кестесін бақылауға мүмкіндік береді.

Аталған жүйе GPS-трекерлері базасында навигациялық құрылғысы үшін әзірленді.  Осыған байланысты, облысішілік маршруттарында орнату үшін басқармамен 130 GPS-трекер сатып алынды.

Теміржол тасымалдаудың сапасын жақсарту мақсатында 2018 жылдың қаңтарынан бастап «Павлодар-Алматы» қатынастағы № 31/32 пойызы «Тұлпар – Тальго» ЖШС вагондарымен жылжымалы құрам жаңартылды, ол 29 вагондардан құрылды.

Әуе қатынасын дамыту аясында облыста келесідей іс-шаралар өткізіледі:

Ағымдағы жылы S7 Airlines әуе компаниясы Embraer 170-LR лайнерінде 30 мамырдан бастап 16 қыркүйекке дейін орындалған Новосібір-Павлодар бағыты бойынша рейс енгізді. Қызмет көрсету кезінде 1200 жуық жолаушы тасымалданды.  Аталған маршрутты 2019 жылы жаңарту жоспарлануда.

2018 жылы Баянауыл ауылында ұзындығы 1,2 шақырым, ені 21 м асфаль-бетон төсемімен жергілікті әуе желілерінің терминалы және ұшып-қону жолағы салынды.

 «Казаэронавигация» РМК қаражаты есебінен Баянауыл а. аэродромында ұшуды қамтамасыз ету үшін қажетті метео қондырғылары орнатылды (2019 жылғы 2 тоқсанның аяғына дейін РМП-200 жетекші навигациялық шамшырағы қойылады).

Қазіргі уақытта Баянауыл ауданының әкімдігімен аэродромды пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аэродром пайдалануға берілгеннен кейін   Павлодар-Баянауыл, Астана-Баянауыл, Қарағанды-Баянауыл қатынастағы әуе маршруттары жоспарлануда.

 «Жетісу әуе компаниясы» АҚ-мен  Астана-Баянауыл-Астана, Қарағанды-Баянауыл-Қарағанды, Павлодар-Баянауыл-Павлодар қатынастағы аптасына 3 рет жүретін әуе маршруттарын қаражаттандыру бойынша жоспарлы қаржы есептері ұсынылды (жылына әр бағытты қаражаттандырудың орташа құны 153 млн. теңгені құрайды).

Связь

Қазіргі уақытта 368 ауылдық елді мекені цифрлық телефон байланысымен қамтылды, 357 — интернет желісіне қосылумен қамтамасыз етілді (11 қамтылмаған), 339 — ұялы байланысы бар (29 — жоқ), 103 елді мекені талшықты-оптикалық байланыс желісімен (ТОБЖ) қамтылды.

Ағымдағы жылы Успен ауданында «Қазақтелеком» АҚ филиалымен ұзындығы 21 шақырым Успен-Қозыкеткен талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды.

Басқарма білім және денсаулық сақтау басқармаларымен, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ бірге білім және денсаулық сақтау объектілерінде Интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Қазіргі уақытта барлық 362 мектеп мекемесі және 344 денсаулық сақтау объектісі Интернет желісіне қосылды және интернет жылдамдығы 4 Мбит/с және одан жоғары.

Ұялы байланыстың сапасын жақсарту үшін «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) филиал желісін дамыту жобасына сәйкес Майқоныр, Шарбақты, Парамоновка, Қозыкеткен, Красиловка ауылдарында, Жасыбай курорттық аймағында 5 жаңа байланыс объектілерін іске қосты. Аталған объектілер дыбыстық байланыс пен UMTS 3G технологиясы бойынша интернетпен қамтамасыз етеді. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында, Шарбақты аудан орталығында және Жасыбай курорттық аймағында 4 G сервисін жақсарту үшін объектілер іске қосылды.

2018 жылы «Кселл» ЖШС Павлодар (11 станция) және Екібастұз (10 станция) қалаларында  4G (LTE) стандартында жоғары жылдамдықты ұялы байланыс желісін енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданының  Харьковка ауылында қосымша 3G станциясы салынды.

Облыс бойынша Қазақстан Республикасының Радиожелілік жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен анықталған барлық міндеттемелер орындалды және тұрғындар саны 500 және одан да көп барлық елді мекендер ұялы байланыспен қамтылды.

Ұялы байланыспен қамтылмаған 29 елді мекенді (тұрғындар саны 500 адам) қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін басқарма қалалар мен аудандар әкімдіктеріне күшейткіштер көмегімен ұялы байланыспен қамту бойынша ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта аталған мәселе Аққулы ауданының Баймолдин ауылында қарастырылуда. Оң көрсеткіш жағдайында осы әдісті ұялы байланысы жоқ ауылдарға енгізу ұсынылды. 1 күшейткіштің бағдарлы құны 1 млн. теңге көлемінде  ( 29 ауыл үшін 30 млн. теңгедей).

Сонымен қатар, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқарту мақсатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тұрғындар саны 50 және одан да көп ҚР елді мекендерін Интернет желісін кең жолақты мүмкіндікпен қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді.

Жоғарыда аталған жол картасы аясында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша мүмкіндігімен қамту» мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы іске асырылуда. Павлодар облысында 34 АЕМ қамтылатын болады.

Анықтама үшін: «Қазақтелеком» АҚ 2018-2019 жж.  9 ауылдық елді мекенінде және 36 бюджеттік ұйымда (Кеңтүбек а., Малайсары а., Қаратерек а., Жолболды а., Андриановка а., Башмачное а.,  Шақа а., Парамоновка а., Константиновка а.),2020 жылы 20 АЕМ ТОБЖ салу, 62 бюджеттік және мемлекеттік ұйымды қосу (Ивановка а., Қараоба а., Березовка а., Алакөл а., Веселая Роща а., Валиханов а., Михайлово а., Прииртышск а., Жаңа Жұлдыз а., Байзаков а., Қызылжа а., Луговое а., Северное а.,Федоров а., Набережное а.,  Мамаит Омаров ат. а., Шиқылдақ а., Галицкое а.; Қоңыр Өзек а.

 «Транстелеком» АҚ 2020 жылы 5 АЕМ ТОЮЖ салу, 13 бюджеттік және мемлекеттік ұйымға қосу (Ақжар а.,Майской а., Ақжар а., Жұмыскер а., Құркөл а.).

Жыл қорытындылары бойынша басқарма мен облыс әкімінің Бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбек арасындағы Меморандумы шеңберінде НКИ көрсеткіші 100 %-ға жету қажет.   2018 жылдың 11 айы бойынша байланыс қызметінің НКИ көлемі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 101,4%-ды (12,3 млрд. теңге) құрады (2017 жылдың 11 айы бойынша байланыс НКИ 96,8%-ды құрады немесе 12,0 млрд. теңге).

 Мемлекеттік қызмет көрсету

Басқарма 3  (үш) мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2018 жылы барлығы 201 қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бұзушылықтар жоқ, олар:

Анықтама үшін:

— қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, микроавтобустармен жолаушыларды тұрақты емес, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, микроавтобустармен жолаушыларды тұрақты  тасымалдау құқығына ие болу туралы лицензиялар беру (13 лицензия).

өздігінен жүретін шағын өлшемді кемені басқаруға куәліктер беру (188 куәлік).

— облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру