Павлодар облысы мәслихатының (VI сайланған, ХХV сессиясы) № 00/25 ШЕШІМІ

Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 128/14 «2017-2019 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылдың  4 шілдесіндегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 883 бұйрығына сәйкес:

  1. Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 128/14 «2017-2019 жылдарда субсидиялауға жататын Павлодар облысы бойынша әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеудегі құқықтық нормативті актілердің № 5543 Тізбесінде тіркелген, 2017 жылғы 30 маусымдағы «Регион» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес көрсетілген шешімге қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімді орындау бойынша бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі


Түсіндірме жазба

Қолданба

Шешімнің жобасы

Салыстырмалы кесте