Ағымдағы жылы Павлодар облысында 1100 шақырым жолдарды абаттандыруға жоспарланған, соның ішінде 460 шақырым жергілікті маңызы бар жолдары.

 

Аудандық маңызы бар 346 шақырым және облыстық маңызы бар 116 шақырым жолдарды жөндеу жоспарланған.

Бүгінгі күнге жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 67 шақырым ұзындығында асфальтбетонды жабынын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, асфальт салу үшін 74 шақырым дайындалды. Жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында басқарма мамандарымен апта сайын авторлық және техникалық қадағалау өкілдерімен, сондай-ақ «Павлодаржоллаборатория» қызметкерлерімен бірлесіп комиссиялық шығулар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыста Баянауыл курорттық аймағына әкелетін жолды қалпына келтіру жоспарлануда. Баянауыл ауданында жалпы 340 шақырым жөнделеді, соның ішінде суық ресайклинг әдісімен.