Басқарма басшылығы

Бұл бөлімдегі деректер кейінірек пайда болады

Ермұрат Сапарбекұлы Нұрханов — Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Ермұрат Сапарбекұлы 1979 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар, 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, 2016 жылы – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «көлік құрылысы» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2002 жылы Шарбақты ауданы Шегерен ОМ компьютерлік сыныбының жабдықтау жөніндегі инженері болып бастады.
2003 жылдан 2005 жыға дейін «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2005 жылдан 2012 жылға дейін – «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, сектор меңгерушісі, бастығының орынбасары.
2012 жылдан 2013 жылға дейін – «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы.
2013 жылдан 2015 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.