Астананың 20 жылдығы

30 қыркүйек 2017
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын  дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі –Комиссия) құрылсын.

2. Мыналар:

1)  «ЕЛ ЖҮРЕГІ — АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;

2) Комиссия туралы ереже;

3) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:

1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;

2)  Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                             Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 қыркүйек

№ 188